Атырауда ҚКХП-ның мүшелері сайлаушылармен базарларда кездесуде

None
АТЫРАУ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырауда Қазақстанның коммунистік халық партиясының мүшелері белсенді түрде сайлауалды науқанын өткізуде.

Атыраулықтарға осы аталмыш партияның сайлауға қатысатыны жайлы қала бойынша ілінген билбродтар мен парақшалар еске салғандай болады.

Атыраулық ҚКХП-ның бөлімшесінде хабарлағандай, мереке күндері сайлауалды жұмыс көбінесе базарлар мен халық көп жиналатын орындарда жүргізіледі. Партияның бағдарламасымен таныстыратын парақшалар тарата отырып, коммунистер азық-түлік пен қажетті тауарлардың бағасына назар аударуда.