Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады. «Облысқа циклон келе жатыр. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Аяз тұрып, екінді жел соғады», - делінген мәліметте.
Апта бойы күндізгі ауа температурасы -8°C пен 2°C аралығында болады. Ал түнде -14°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Кей аудандарда көктайғақ болжанады.
Сондай-ақ ТЖД автомобиль жүргізушілеріне қысқы шиналарға уақытылы ауысу қажеттігін ескертті.
Автор: А. Соколов