Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдың бәріне құм себіліп, орталық көшелерге тұз ерітіндісі қолданылып жатыр. Әзірге 12 суару-жуу машинасы, 6 трактор, 2 құм шашатын көлік үздіксіз жұмыс үстінде.
Сондай-ақ, бұған дейін де жауған жаңбырдың салдарынан жолға мұз қатып, Атырау-Астрахан жолы жабылған еді.
Атыраудағы «Қазгидромет» орталығының кешегі болжамы бойынша, осы ауа райы 6-7 желтоқсан күндері де сақталады. Сондықтан үйден шығарда абай болған жөн.