Өзен мұзына түсіп кеткен көлік суретін оқиғаға куәгерлердің бірі WhatsApp-қа жіберген. Жергілікті тұрғанның сөзіне қарағанда, көлік оқиғасы 9 наурызда жергілікті уақытпен түсте болған.
«Оқиғадан зардап шекендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушінің көліктен шығуына жергілікті тұрғандар көмек көрсетті», - деді куәгер.
Атырау облыстық ТЖД тұрғындарға өңірде ауа температурасының жоғарлауына байланысты мұз үстімен жүрмеуді ескертеді.