Атырауда көлік жүргізушісіне екі күнде 782 мың теңге айыппұл салынды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғары жылдамдықпен жүруге құмар жүргізуші екі күнде 782 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін Атырау қаласы патрульдік қызметініңқызметкерлері желікпе жүргізушіні қолға түсірді. Ресейлік мемлекеттік нөміртағылған «Priora» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Кордон-М» стационарлыжылдамдық өлшеуіш құралына түсіп қалған. Белгілі болғандай, бұл оныңжылдамдықты асыруының 43-ші дерегі. «Ақылды» техника оның жол ережесін бұзу фактілерінсоңғы екі ай бойы түсіріп тұрған. Жедел басқару орталығына хабар келіп түскеннен кейін, видеобақылаужүйесінің операторлары қаладағы көлік ағыны арасынан автокөлікті тауып, оған жақынмаңдағы патруль жіберілді. Полицейлер айыппұлдардың жалпы сомасын шығарды - 782 750теңге. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, айыппұлдарды төлеудіңжеңілдетілген әдісі түсіндірілді. Яғни, қарызды бір аптаның көлемінде төлегенжағдайда 50 пайыз жеңілдік жасалады» , - деді облыстық Полиция департаментініңбаспасөз қызметінен.

Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.