Атырауда коммунистер зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жүруді тегін етуді ұсынды
10:26, 20 Қазан 2012
АТЫРАУ. 20 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Коммунистік халық партиясының Атырау облыстық комитетінің мүшелері зейнеткерлер үшін қоғамдық көліктің барлық бағдарлардағы жүруін тегін ету бастамасын көтерді.
Өз бастамасын коммунистер қала әкімі Серік Айдарбеков пен қалалық мәслихат депутаттарына жазған ашық хатында баяндады.
ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевтің айтуынша, осындай тәжірибе Қазақстанның кейбір қалаларында бар және оны Атырауда да енгізу керек.