10 бөлімнен тұратын мультфильм балалардың көне Сарайшық қаласына жасаған қызықты саяхаты жайлы сыр шертеді. Q-Daily медиа орталығы осы мультфильмді шығаруға екі ай уақыт жұмсады.
«Сарайшыққа саяхат» - Қазақстанда ең жаңа технологиялардың көмегімен шығарылған анимациялық фильм. Сценарийді жазарда Атырау облысының Махамбет ауданындағы көне қаланың орнындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарына барып, зерттеулермен таныстық, ғалымдардың кеңестерін тыңдадық. Көрген-білгендеріміздің бәрін мультипликация тілімен жеткізуге әрекет жасадық. Көрермен қауым біздің жұмысқа оң бағасын береді деген үміттеміз», - дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.