Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 7 ана «Алтын алқаға» және 45 ана «Күміс алқаға» ие болған.
Көп балалы аналарға алқаларды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген табыс етті.
Сондай-ақ, Алмалы, Қайршақты, Еркінқала, Ақсай, Кеңөзек ауылдық округтерінің әкімдері аталған елді мекендерде тұратын аналарды марапаттады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық нәресте дүниеге келгенін хабарлап едік.