Атырауда көп мөлшерде ақша жымқырған компания басшысы сотталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көп мөлшерде ақша жымқырған «BNB Construction» ЖШС директоры сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «BNBConstruction» ЖШС директоры Теміралинге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудіаяқтады.

Теміралин Атырауоблысының бұрынғы әкімі Рысқалиев бастаған қылмыстық топтың бақылауындағы заңдытұлғалармен мердігерлік шарттарын жасау жолымен 2 млрд теңгеден астам қаржыныжымқырған.

25 шілде күніАтырау қаласының №2 сотының үкімімен Теміралин 3 жыл да 9 ай мерзімге басбостандығынан айыра жазасына кесілді.

Бұдан бөлек,сотталушы 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иеленуқұқығынан айырылды.

Теміралинніңқылмысынан келген зиян сомасы негізгі фигуранттар және басқа да сотталушыларғақатысты сот үкімдерімен өндірілді.

Соңғы жаңалықтар