Бүгін Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №588 Жарлығымен атыраулық 5 ана «Алтын алқаға», ал 19 ана «Күміс алқаға» ие болған.
«Көпбалалы аналарға аталған марапатты Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Самат Емберген тапсырды. Ол көпбалалы аналарды марапатымен құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлесі үшін ризашылығын жеткізді», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпбалалы аналар марапатталған еді.