Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көпірден Жайық өзеніне секірген қыз ауруханада жатыр. Оның жасы – 14-те.
«Дәрігерлер жасөспірім қызға гипоксикалық-ишемиялық энцефалопатия диагнозын қойған. Мидың ісіну қаупі туындап отыр. Аспирациялық пневмонияның асқыну қаупі бар. Қазір ауруханада жатқан жасөспірімнің жағдайы ауыр», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпірден секірген жүкті әйелдің 4 қабырғасы сынғанын хабарлаған болатынбыз.