Мұнайлы өлкеде коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан: 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкер, 4-еуі — Жылыой, Құрманғазы аудандарының тұрғыны. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1 тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.
«Қазіргі уақытта емделіп шыққан жандар өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест олардың сау екенін көрсетті», - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.