Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, қауіпті індеттен айыққандардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істеген 16 жұмысшы бар. Олардың 11-і – ер, бесеуі – әйел адам. Ал, тағы 1 адам – Атырау қаласындағы №4 емхананың медбикесі. Оның жасы 57-де.
«Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тестінің қорытындысы теріс нәтижені көрсетті. Бүгін бұл пациенттер инфекциялық стационардан шығарылды», - деп хабарлады өңірлік жедел штаб.
Еске сала кетелік, бұған дейін Ресейден келген 5 түркістандықтан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.