Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарларда 181 адам ем қабылдап жатыр.
«Қазір өңірдегі 730 төсек-орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме 24,8%-ды құрайды. Ал, 75 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 13 науқас оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 17,3%-ды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендегенін жазған едік.