Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атыраудағы модульдік инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне 16 науқас түскен.
«Жансақтау бөліміндегі науқастардың арасында 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде жатыр. Олардың сегізі – 65 жасқа дейінгілер, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. Науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Барлық науқас денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауына алынды. Сондай-ақ күн сайын Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медицинаны үйлестіру орталығының, өзге де бейінді мамандардың консультациялары өткізіледі» -деді басқарманың баспасөз қызметінен.