Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен 29 науқастың 7-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
«Өңірде 2 098 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 460 адам ем алып жатыр. Инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 21,9%. Ал, 81 орындық жансақтау бөлімінде 29 науқас оқшауланды. Мұндағы жүктеме 35,8%» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметін.
Былтырғы наурыздан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 24 135 адамға жеткен. Науқастардың арасынан 22 891 адам сауығып шыққан. Бұл қауіпті вирусқа шалдыққандардың 94,8%-ы.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.