Атырауда коронавирус жұқтырған 61 жүкті әйел емделіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 61 жүкті әйел емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайлы өңірдегі №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджановтың мәліметіне сүйенсек, модульдік аурухана мен №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационарларындағы төсек-орындардың 94 пайызы науқастармен толған.

«Қазір инфекциялық стационарда 61 жүкті әйелге қоса, 11 босанған ана 8 сәби ем қабылдау үшін оқшауланды. Модульдік аурухананың жансақтау бөлімінде 20 пациент жатыр. Оның алтауы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал, №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 16 науқас емделуде», -деді Мағжан Сиджанов.

Оның айтуынша, аталған ауруханалардың инфекциялық стационарларында бос орын азайған. Мәселен, модульдік ауруханада 15, №2 облыстық ауруханада 12 бос орын қалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жансақтау бөлімінде 46 науқас жатқанын

хабарлаған едік.