Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қауіпті вирусқа шалдыққандардың арасынан жағдайы ауыр 67 науқас жансақтау бөліміне түскен.
«Қазір 3040 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 1 182 науқас жатыр. Бұл стационарлардағы жүктемені 38,8%-ға жеткізді. Ал, стационарлардың 113 орындық жансақтау бөлімдерінде 67 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 11 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме жүктеме 59,2%-ды құрайды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлаған болатынбыз.