Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стандарттық емдеу хаттамаға сәйкес тағайындалған. Қазір лопиновир, ритонавир препараттары қолданылуда.
«Вирусқа қарсы бұл дәрі-дәрмекті күніне екі рет көктамырға егу арқылы ем жасайды. Індетті жұқтырғандар осы емді 14 күн алады» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150-ге жетті. Оның үшеуі - Атырау облысында тіркелген.