Атырауда «Құрылыс- AtyrauBuild 2012» көрмесі ашылды
10:18, 06 Сәуір 2012
АТЫРАУ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау қаласында «Мұнай және газ» халықаралық көрмесінің аясында «Құрылыс-AtyrauBuild 2012» көрмесі жұмыс істей бастады.
Құрылыс көрмесі үшін бөлек павильон берілді. Оған әлемнің бірнеше елінен келген 20-дан астам компания қатысуда. Көрмеде заманауи құрылыс материалдары, полиэтиленнен жасалған құбырлар, бетонға химиялық қоспалар, кабельдік-өткізгіш өнімдер, жылу өткізбейтін және су өткізбейтін материалдар, ғимарат қасбеттерін өңдеуге арналаған материалдар, тағы басқалары ұсынылды.