Атырауда құрып бара жатқан Жайық өзені туралы фотокөрме ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құрып бара жатқан Жайық өзені туралы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айында National Geographic Qazaqstan журналының режиссерлері, райтерлері, фотографтары мен зерттеушілерінен құралған команда Атырау облысына экспедицияға келді. Қазақстан аумағындағы өзеннің барлық ұзындығы қамтылды. Фотокөрмеде кәсіби шетелдік және отандық фотографтардың 30 фотосуреті ұсынылды. Онда өзен жағасындағы құстар мен аңдар, балықтар бейнеленген. Сондай-ақ Жайық өзенінің жағалауы да көрініс тапқан. Сонымен қатар, фотосуреттерде Жайықтың қалай ағып жатқаны, өзен ортасындағы аралдардың қалай пайда болғаны, бүкіл өзен бойында ағаштар мен бұталар қалай өлетіні көрсетілген», - деді National Geographic Qazaqstan журналының бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Сәдуақасов.

Оның айтуынша, жобаның мақсаты –Жайықтың экологиялық мәселесіне, су жетіспеушілігіне қоғам назарын аудару.