Соңғы үш жылда Атырау облысында 68 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 20
бала бар.
Ал, жақында жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылған еді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асхат Ержановтың
айтуынша, өңірдегі су айдындарында қатқан мұз қалың емес. Мұздың жұқалығы балық аулайтын ересектер мен сырғанақ тебетін балаларға қауіп тудырады.
Сол себептен, 30 қаңтарда кешкісін Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының
бастығы Нұржан Жақатаев пен орынбасары Магомед Ахриев дауыс зорайтқышпен Жайық
өзенінде қатқан мұз үстінде жүрген тұрғындарға ескерту жасады. Ескертуден соң тұрғындар үйлеріне оралды.
«Түнгі мезгілде мұз үстінде жүруге тыйым салынады. Қазір мұздың қалыңдығы – 13-14 см. Адамдардың қауіпсіздігі үшін мұздың қалыңдығы 15 см-ден жоғары болуы керек», - дейді Нұржан Жақатаев.