Атырауда қысым датчиктерін өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды
Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Schneider Electric» құрған «KMG Automation» бірлескен кәсіпорнының күштері жүзеге асырып жатыр. Аспаптар түрлі өндірістік жән климаттық жағдайда қысымды өлшеуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының, Атырау қаласының басшылығы, қазақстандық және халықаралық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айта кетейік, зауыт бірінші кезеңде серіктестер жеткізетін датчиктерді құрастыратын болады, кейін қазақстандық үлесті 60% -ға дейін арттырады. Өндірістің бірінші кезеңінде жылына 2000 данаға дейін өнім өндірілмек.