Атырауда қыздың бетінен жұдырықпен ұрған ер адам ұсталды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әйел адамды бетінен жұдырықпен ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА агенттігі.

Атырауда бақылау камераларынан әлеуметтікжеліде жарияланған видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды.Жазба облыс орталығындағы ең ірі «Дина»базарының көкөніс сататын павильонында түсірілген. Кадрда екі қыздың жанынанөтіп бара жатқан ер адамның олардың бірінің бетінен ұрғандығын анық көрінеді.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметкеніндей, видео негізінде тексеріс тағайындалған. Қызды соққыға жыққан ерадамның аты-жөні анықталып, қолға түскен. Сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізіліп жатыр.


А. Соколов

Соңғы жаңалықтар