Атырауда қызға жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қыздың бетінен жұдырықпен ұрған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Атырауда бақылаукамераларынан әлеуметтік желіде жарияланған видео желі қолданушыларыныңнаразылығын тудырды. Жазба облыс орталығындағы ең ірі «Дина» базарының көкөніссататын павильонында түсірілген. Кадрда екі қыздың жанынан өтіп бара жатқан ерадамның олардың бірінің бетінен ұрғандығын анықкөрінеді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкессотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол бапта бұзақылық үшін жазаға тартукөзделген. Бірақ сот-медициналық сараптамасынан кейін ол 106, 107 немесе 108баптармен ауыстырылуы мүмкін. Бұл аталған баптар денсаулыққа қасақана зиянкелтіргені үшін жаза түрлері белгіленген», - деп мәлімдеді облыстық полициядепартаментінің баспасөз қызметі.

Өңір прокуратурасы ұсталған ер адам 1986 жылытуған күдікті екендігін мәлімдеді.

«2010 жылдан бері ол облыстықпсихоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Қазіргі кезде «тұлғасының тұрақсызэмоциялық бұзылуы» диагнозымен облыстық психологиялық денсаулық орталығынаорналастырылған. Денсаулыққа келтірілген зиянның деңгейін анықтау үшінсот-медициналық сараптамасы белгіленді. Тексеріс прокуратураның қадағалауында»,- деді ведомство өкілдері.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар