Атырауда лифт шахтасына құлаған екінші жасөспірім де көз жұмды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда лифт шахтасына құлап, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген жасөспірім де көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 мамыр күні сағат 23:30-да Алмагүл шағын ауданында №19 үйдің 15-ші қабатынан абайсызда жүк тасымалдайтын лифтінің шахтасына құлаған 14 жастағы жеткіншек мерт болды. Тағы бір жасөспірім облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Сағат 01:08-де ол да қаза болды»,- деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сонымен қатар, хабарламада жүк тасымалдайтын лифттің жұмыс істемей тұрғандығы айтылады. Осы кезде тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Кейіннен, жасөспірім екі бала 16 қабатты үйдің 15-інші қабатындағы лифтіге мінбек болғаны анықталды. Бірі оқиға орнында ажал құшса, екінші бала жансақтау бөліміне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар