Атырауда магистральды құбыр апатындағы апат қалпына келтірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы  ЖЭС-тағы апат қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін желілік су жүретін бір магистральды құбыр желісінде бір жарым метр болатын  жарық пайда болды.

Апат болған жердегі суды тоқтату үшін сағат 19:50-де желілік сорғыштар тоқтатылғандықтан қалалық желілерге ыстық судың айдауы тоқтатылды.

20:20 шамасында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқиға орнына келіп, апаттың салдарын дереу жою үшін  ведомствоаралық жедел штаб құрды.

Сағат 21:50 шамасында апат болған жер жөнделіп, қалаға жылу берілді.

Айта кетелік, Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған ведомствоаралық жедел штаб келеңсіз жағдайдың себептерін анықтайтын болады.