ҚР Президенті Әкімшілігінің депутаттары келісіміне сәйкес, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Махамбет ауданының әкімі болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды. Ал, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Жәрдемғали Ахметов 3 жылға жуық басқарған Махамбет ауданы әкімі лауазымынан босатылған болатын.
Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.
2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған.
Өткен жылғы қарашадан бері ол облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лазамын атқарып келді.