Атырауда мас жүргізушінің бірі 20 күнге қамалып, екіншісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілген мас күйде рульге отырған жүргіузші кеше, 22 маусымда ұсталған.
«Полиция қызметкерлері жергілікті уақытпен сағат 17:00 шамасында Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінің бойында Skoda Octavia автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде рульде отырған 1988 жылғы ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде орта дәрежелі мас күйде болғаны дәлелденді. Ол Атырау облыстық наркология диспансерінің уақытша бейімдеу бөліміне орналастырылды», -деп хабарлады депрартаменттің баспасөз қызметі.
Мас жүргізушге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабының 6-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжаттары жинақталды.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен 35 жастағы азамат 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Ал, Махамбет аудандық сотының қаулысымен 35 әйел көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.
«Махамбет ауданының 36 жастағы тұрғыны Сарайшық ауылында көлік құралын алкогольге мас күйінде жүргізгені анықталды. Оның ісі ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы 608-бабының 1-бөлігімен қаралды. Істі қарау кезінде әйелдің 14 жасқа дейiнгi балалары бары ескеріліп, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмғанын жазған едік.