АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында мектептерді жаңа оқулықтармен қамту үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің айтуынша, оқушылардың сапалы білім алуы үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуге басым бағыт беріліп отыр.
«Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Жаңа оқулықтарды сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалды. Облысқа оқулықтар 10 тамыздан бері жеткізіле бастады. Барлық мектеп 20 тамызға дейін оқулықтармен толық қамтылады. Оқулықтарды тасымалдауға 14 млн теңге қаралды»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.