«Жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен қатты жел Доссор Мақат кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің шатырын жұлып кетті. Желдің әсерінен жалпы көлемі 5 мың шаршы метр болатын шатырдың 48 шаршы метрі бүлінген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды Атырау облысының ТЖД.
Аталған мектеп 2017 жылы ғана пайдалануға берілген. Жазда осы мектептің шатырының бір бөлігіне қатты желден зақым келген болатын.