«2017 жылғы 17 маусымда Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жарылғапов Бақытқали Қарабайұлын ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамауға алды. Қамауға алу ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 4-тармағында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тексерістің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс бойынша жүргізілді. Атырау қалалық №2 соты Б. Жарылғаповты екі ай қамауға алуды санкциялады», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Заңғар Занканов.
13:16, 19 Маусым 2017
Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қамалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.