Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт бүгін түсқайта тұтанған.
Көпқабатты ғимаратқа жапсарлас салынған нысанның шатыры жанған.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, негізгі ғимаратты шарпуына жол берген жоқ. Жалынды сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 37 қызметкер, 6 арнайы техника мен 1 автосаты жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.