«Биыл заңсыз балық аулаудың алдында алу мақсатында өткен акция барысында Атырау облысында мейрамхана иесі бекіре тұқымдас балықтарды клиенттерге ұсынып келгені анықталды. Кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Біздің жедел іс жүргізу бөлімшесінің мамандары осы секілді ақпарат келіп түскен жағдайда шұғыл операцияларға қатысады. Тиісінше айыпты қолданыстағы заң аясында жауапкершілікке тартылады», - деді Әлішер Жармағамбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде заңсыз балық аулайтын браконьерлердің 80 пайызға жуығы жұмыссыздар болып шықты.
Айта кетсек, жыл басынан бері Атырау, БҚО және Маңғыстау облысында жүргізілген рейдте 70 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.