Бұдан бұрын Атырауда облысында Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылатыны хабарланған еді.
«Мониторинг топтардың жұмысы күшейтілді. Соған қарамастан Атырау қаласында бір күнде карантин талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысан анықталды», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Оның айтуынша, 17 шілдеде сағат 13:36 шамасында мониторинг тобы Бейбарыс көшесінде орналасқан «Continental Gold» мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтаған. Бұл мейрамханадағы тойға 50-ден астам адам қатысқан.
Сондай-ақ, сол күні сағат 15:55 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы «Акварай» аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс істеген. «Zheka’s doner house» кафесі сағат 22:15 шамасында келушілерді қабылдаған. Алайда, бұл нысанның иесі түсінік беруден бас тартқан.