АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында көлік апатынан кісі өлімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші қаза болды. Жүк көлігі блок артып келе жатқан» делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.