Атырауда мұғалімдер біліктіліктерін арттырды
Оқу семинарлары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кітапханасында ұйымдастырылды.
«Тренинг төрт деңгейде өтеді. Біріншісі компьютерлік және мобильді гаджеттерді пайдалану дағдыларын қамтиды, екіншісі транзакциялық дағдыларды, сондай-ақ, «электрондық және ашық үкімет» қызметтерін пайдалану, қызметтерді алу және төлеу, үшінші деңгей ғаламторда тауарларды және қызметтерді сатып алуға, сатуға және таратуға байланысты, төртінші - цифрлық құрылғыларды пайдалану дағдысы»,- дейді Атырау облысы әкім аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімі меңгерушісі міндетін атқарушы Нұрлыбек Дауылбаев.
«Мұғалім үнемі өз-өзін дамытып отыруы керек. Мұндай семинарлар уақыт ағымынан қалмауға мүмкіндік береді», - деді Құрманғазы ауданынан келген информатика пәнінің мұғалімі Нұрболат Утеков.