Атырауда мүгедек әйелдер өз құқықтарын қорғауды үйренуде
11:45, 06 Шілде 2010
АТЫРАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда халықаралық семинар өткізіліп, онда мүгедек әйелдер өз құқықтарын қорғауды үйренді
«Шаңырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген семинар жұмысына Грузия мен Қазақстанның бірнеше аймақтарынан өкілдер қатысты.
«біздің негізгі мақсатымыз мүгедектік бағытындағы бағдарламалар мен стратегияларды жақсарту. Әйелдер ұйымдарының көшбасшылық және басқарушылық әлеуетін нығайту», - деп түсіндіреді «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, жобаның аймақтық үйлестірушісі Күлбаршын Нұржігітова.