«Шаңырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген семинар жұмысына Грузия мен Қазақстанның бірнеше аймақтарынан өкілдер қатысты.
«біздің негізгі мақсатымыз мүгедектік бағытындағы бағдарламалар мен стратегияларды жақсарту. Әйелдер ұйымдарының көшбасшылық және басқарушылық әлеуетін нығайту», - деп түсіндіреді «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, жобаның аймақтық үйлестірушісі Күлбаршын Нұржігітова.