Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, барлық санатта мүмкіндігі шектеулі 23 319 адам бар.
«Оның ішінде I топта – 1 961, II топта – 9 392, ал 8 160 адам III топ мүгедектігін алған. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 3 806. Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін екі мекеме бар. Бірі – облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы, екіншісі – №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл мекемелерде 1 381 адам әлеуметтік қызмет алады», - дейді Азамат Мәмбетов.
Оның айтуынша, былтыр 16 434 мүмкіндігі шектеулі адам техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге өтініш берген. «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы өтініші берушілердің 90 пайызы, немесе 14 797 адам қажетті құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бала кезінде көшіп келген қандасымыз ел азаматтығын алғанын жазған едік.