Жаңажылдық сыйлықты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және білім басқармасы таратып жатыр.
«Халқымызда «Берсең, балаға бер» даналық сөз бар. Мұны баланы болашағына балаған халқымыз бекер айтпаған. Біздің мақсатымыз – балаларды қуанту. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды қуантып ғана қоймай, мемлекетіміздің оларды қолдаусыз қалдырмайтынын ұғындыру. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Махамбет
Досмұхамбетов өңірдегі мүгедектігі бар 7 мың балаға арнайы сыйлықтар беруді тапсырған еді. Сол сыйлықтарды ерекше балаларға үлестіре бастадық», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.