Атырауда «Мұнай Комплект Сервис» компаниясының вагоншасында болған өртте Өзбекстан азаматы мерт болды

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау қаласында 18 желтоқсан күні түнгі сағат бір шамасында «Мұнай Комплект Сервис» ЖШС-нің күзет қызметіне арналған вагоншасында өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жалын 40 минуттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Құтқарушылар өрт орнында Өзбекстан Республикасының 51 жастағы азаматының мәйітін тапты.