Атырауда мұнайқұбыршылардың «Үздік маман - 2019» халықаралық байқауы басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұнайқұбыршылардың «Үздік маман - 2019» халықаралық байқауының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансОйл» АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқаншарада Халықаралық мұнай тасымалы қауымдастығына мүше компаниялардың мамандары бақсынайды. Атап айтсақ, қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ, ресейлік «Транснефть»,беларусьтық «Гомельтранснефть Дружба», украиналық «Укртранснафта», словакиялық«Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC – ірі мұнай тасымалдаукомпаниялары.

Кәсіби мамандардыңсайысында 44 қызметкер үш күн бойы «Үздік электргазбен дәнекерлеуші», «Үздіктауар операторы», «Үздік химиялық сараптау зертханашысы», «Үздік технологиялыққұрылғыларды жөндеу слесарі», «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және жәнеавтоматика слесарі», «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсетуэлектромонтері», «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» сынды сегіз аталымбойынша жарысқа түседі.

Салтанатты шараны ашқан Атырау облысының әкімі НұрланНоғаев мұнай-газ саласында мұнайқұбыршылардың еңбегі ерекше екенін атап өтті.

«Атырау – Қазақстанның мұнайлы астанасы. Еліміздешығарылатын қара алтынның шамамен елу пайызы осы өңірге тиесілі. Бұл ретте,экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, экономикалық жағынан тиімді мұнай тасымалысаласы еліміздің дамуына зор үлесін қосуда», - деді өңір басшысы.

Ал «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары СәбитАрыновтың айтуынша, байқаудың басты мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесінкөтеріп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру. «Биылғы сайыс Қазақстанмұнайының 120 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп отыр. Байқау Халықаралық мұнайтасымалы қауымдастығына мүше компаниялардың кәсіби тұрғыдан бірігіп, тәжірибеалмасуына мүмкіндік береді», - деді.

Шарада Халықаралық мұнай тасымалы қауымдастығына мүшекомпания өкілдері мұнай құбыры саласындағы жаңа технологиялар туралы жазылған 8жолдауы бар футурологиялық капсуласын «Достық» стеласына салды. Болашақтолқынға арналған жолдау 2023 жылы қауымдастықтың 10 жылдығында ашылатынболады.

Айта кетейік, алғашқы рет мұнай құбыры саласындағыжұмысшылар арасындағы халықаралық «Үздік маман» байқауы 2003 жылы РесейдіңСамара қаласында өтті. Қазақстанда бұл байқау 2004 және 2007 жылдары Ақтауқаласында, ал 2012 жылы Павлодарда өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ – ҚР магистральдық мұнай құбыры бойыншаұлттық операторы. Бүгінде оның өндірістік нысандары Шымкент, Қарағанды,Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан,Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.