Атырауда мұнайқұбыршылардың «Үздік маман - 2019» халықаралық байқауы жалғасуда

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ ұйымдастыруымен мұнайқұбыршылардың «Үздік маман - 2019» халықаралық байқауы жалғасуда. Дүбірлі дода Н.Шманов және Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансалары алаңында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайысқақатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай-ақ биылғы қатысушылардыңжетпіс пайызы – жастар.

«Байқауды ұйымдастыру біз үшін үлкенмәртебе. Жеңістен де үмітіміз зор. Дегенмен, конкурстық комиссия мүшелері барлыққатысушыға тең қарайды. Өз ісінің нағыз шеберлері жеңіске жетуі керек», - дейді«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Идырысов.

Жарыста Қазақстанның намысын қорғау үшін «ҚазТрансОйл»компаниясының сегіз кәсіби маманы іріктелген. Олар:

АйманСисекенова – «Үздік химиялықсараптау зертханашысы» номинациясы бойынша – Құлсары мұнай құбырыбасқармасының «Прорва» Мұнай айдау стансасының химиялық сараптаузертханашысы;

ҮсерДәрібай - «Үздік тауароператоры» номинациясы бойынша - Атырау мұнай құбыры басқармасының Т. Қасымоватындағы мұнай айдау стансасының тауар операторы;

АнтонАртюшенко - «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» номинациясыбойынша – Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Екібастұз» мұнай айдау стансасыныңоператоры;

РүстембекЖылкелдиев - «Үздік желілік мұнайқұбыршы» номинациясы бойынша –Құлсары мұнай құбыры басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің желілікмұнайқұбыршысы;

РашидБақтығалиев - «Үздік электргаздәнекерлеушісі» номинациясы бойынша - Атыраумұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының электргаздәнекерлеушісі;

АнтонПолзяков - «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсетуэлектромонтері» номинациясы бойынша - Атырау мұнай құбырыбасқармасы релелі қорғаныш аппаратурасы және автоматиканы жөндеу жөніндегі электрмонтері;

НұрмұханбетәлиЛұқпанов - «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі»номинациясы бойынша – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызметкөрсету базасының технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі;

АйдарАманғалиев - «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматикаслесарі» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасы,автоматтандырылған басқару жүйесітелімнің бақылау-өлшеу құралдары жәнежәне автоматика слесарі.

Атыраулық Айдар Аманғалиев бұл бәйгедеозық шабатынына сенімді. Бұған себеп – алдын ала ыждағаттылықпен дайындалу.«Жалпы, біздің мамандығымыз қызыққа толы. Онда жүйелердің сан түрі бар.Қиындығы да жоқ емес, әсіресе, электр желілерін жүйеге келтіру күрделіжұмыстардың бірі. Бізге қызметбарысында туындайтын жағдайларға байланысты тапсырмалар да беріледі, сондықтан,оларды орындау қиынға соқпайды», - деді қатысушы.

Соңғы жаңалықтар