«1 маусымда көптеген елдерде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балғындар үшін ең көңілді мерекелердің бірі болып қоймай, балалардың бізден үнемі қамқорлық пен қорғауды қажетсінетіні туралы ескерту болып отыр», - деді НКОК-тың қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Жағыпар Егізбаев.
Мереке Мақат кентінің Баймұқанов атындағы орта мектепте өтті. Мұнда мүмкіндігі шектеулі 180 бала үшін көңілді викториналар, интерактивті ойындар, аниматорлар, байқаулар мен жүлделерге толы шоу ұйымдастырылды.