Атырауда мұз жарылып, трактор суға батып кетті
08:28, 29 Желтоқсан 2020
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда трактор Жайық өзені тарамдарының бірі – балық өтетін арнаға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, жүк тиегіш техниканың 49 жастағы жүргізушісі ауылға баратын жолды қысқартпақ болып, мұздың үстімен өткен. Мұз көлік ауырлығына шыдамай, техника судың астына кеткен. Трактор жүргізушісі кабинадан шығып үлгеріп, зардап шеккен жоқ.
«Төтенше жағдай орнындағы арнаның тереңдігі шамамен екі метр болды. Мұзды жағаға дейін бұзып-жаруға тура келген, одан кейін ТЖД жасағының құтқарушылары арнаға сүңгуірлерді жіберді. Олар трактордың суға батқан бөлігіне арқан байлап, одан кейін көлікті жағаға сүйретіп шығарды», - деп баяндады аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Авторы: Виктор Сутягин