Кездесу барысында науқастарға көмек көрсету кезінде сапаны үзбей арттыру бойынша жаңа технологиялардың енгізілуі талқыланды. Мысалдар ретінде конференция қатысушыларына Қазақстанның алты облысындағы артерия гипертониясы мен туберкулездің диагностикасы және емделу тәжірибесі ілкі жобалары туралы айтып берді.
Конференцияға Атырау, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша ауылдық және қалалық ұйымдардың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері, халықаралық мамандар қатысты.
Конференцияны «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Қазақстандағы отбасылық дәрігерлер қауымдастығы мен Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырды.