Әңгіме кен орнының маусым айына белгіленген кен орнындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу нысандарын іске қосу жоспары жөнінде өрбімек. Қазіргі уақытта «Қашағанда» 40 ұңғыма бұрғыланды, олар мұнайды өңдеуге, сондай-ақ алдағы уақытта ілеспе газдың қайтадан қыртыстарға жүктелуі үшін қолданылады.
Тыңдауларда жобаға жалпы сипаттама беріледі, жобалық шешімдер ұсынылып, ағымдағы және төтенше жағдайларға байланысты әсер ету дәрежесі бағаланады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланып отырған шаралар, мониторинг және бақылау жөнінде сөз болады. Жобаны әлеуметтік-экномикалық бағалау жүргізілді. Экологтардың пікірінше, NCOC-тың ауаға зиянды заттарды шығару жөніндегі мәлімдемесі ең даулы мәселе болады.