«Нөсерлік кәріз жүйесінің құрылысы былтыр басталған. Ол қаланың екі учаскесінде - Жеңіс саябағы мен «Қазпошта» бөлімшесі аумағында жасалды. Биыл бұл жұмыс 8 бағыт бойынша - Владимирск-Тайманов көшелері, православиелік шіркеу ауданында, Авангард - 2 шағынауданында, «Каспий» аялдамасы маңында, Құлманов көшесінің бойында, прокуратура мен «Ренессанс» қонақүйлері ауданында салынады. Нөсер суын айдау жүйесінің құрылысы мамырда аяқталады деп жоспарлануда. Су белгілі бір мөлшерге жеткеннен кейін дренаж құдығына құйылып, кейін кәріз жүйесіне ағатын болады», - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, облыс орталығында топырақ саз балшықты болып келеді. Салдарынан жауын суы жер астына сіңбей, шағынаудандарды тұтастай басып қалады. Атырауда дренаждық жүйе жоқ.
Фото: © kanalizaciyainfo.ru