Атырауда «Облыс жастарының паспорты» құрылды
10:30, 02 Қаңтар 2014
АТЫРАУ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда «Облыс жастарының паспорты» құрылды.
Облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мейірім Қалауи хабарлағандай, паспорт құрылмас бұрын 14 және 29 жас аралығындағы 1 мың атыраулық қатысқан әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.
Сауалнама Атырауда және облыстың бүкіл аудандарында жүргізілді.
«Бұл «паспорт» жастарды қандай мәселелер толғандыратынын түсінуге көмектесті. Олардың отбасыға, дінге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына көзқарасы анықталды. Бұның бәрі алда шешілуге тиісті мәселелерді анықтауда негізге алынатын мәлімет болмақ», - дейді М. Қалауи.
Атап өтейік, Атырау облысында 14 және 29 жас аралығындағы жастар саны 157 мыңды құрайды.